Елде мұнай өндіру 6 пайызға азайып, экспорттық құны өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде мұнай өндіру 6 пайызға азайып, экспорттық құны өсті

23.08.2021

Биыл елде мұнай өндіру 6 процентке азайып, экспорттық құны біршама өскен. Энерджипромның мәліметінше, маусымға дейін Қазақстанда 36 млн тоннадан аса шикізат өндірілген. Оның 27 млн тоннасы 10 млрд 5 миллион долларға шетелге экспортталған. Қара алтынды ТМД елдерінде негізінен Ресей мен Өзбекстанға жеткіземіз. Достастық елдеріне кірмейтін мемлекеттерден ВИЗАРТ Қазақстанның мұнайы Италия, Нидерланд, Францияға экспортталады. Биыл мамырда шикізаттың экспорттық құны 2,2 есеге өсті. Жалпы әлемде күніне орташа есеппен 94 млн баррель шикізат өндіріледі.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу