Биыл елде депозиттегі қаражат 3 трлн теңгеге көбейді. Ұлттық банк өкілдері қазір депозиттік ұйымдарда 25 трлн 2 млрд теңгеден аса ақша жатқанын айтады. Қаңтарда 22 трлн теңгеден сәл-ақ асқан. Сегіз айда қаражат 14%-ке дейін артып отыр. Ақшаның көбі заңды тұлғаларға тиесілі. Ал жеке тұлғалардың еншісінде 12 трлн 2 млрд теңге бар. Халық депозитте ұлттық валютамен 16 трлн теңге жинаған. Қалған 9 трлн теңге шетелдік валютамен депозитте сақтаулы.