Ресейде вакциналау қарқынын арттыру үшін арнайы сайт жұмысын бастады. Ал жоғары оқу орындарының бірі екпе алмағандарға диплом беруден тас тартқан. Бізбен байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шыққалы тұр. Индира, білім министрлігінің бұған қатысты ұстанымы қандай? Жалпы жасалып жатқан кезекті екпе қашан сынақтан өткізілмек?
Индира Бегайдар, тілші:Ресейдің білім министрлігі вакцина алмаған студенттерге бұл шектеу орынсыз екенін айтады. Дегенмен оқу орнының ректоры ғылымды мойындамаған студенттерге диплом бермейміз деп отыр. Жалпы тұрғындарды ынталандыру мақсатында Ресейде арнайы сайт жұмысын бастады. Оған азаматтар тіркеліп, вакцина алғанын дәлелдейтін құжаттарды жүктеу қажет.Жеңімпаздар компьютердің көмегімен, автоматты түрде анықталады. Ал Гамалея атындағы институт қызметкерлері мәлімдегендей, қаңтар айында тұмау мен коронавирусқа бірдей қарсы тұра алатын вакцина сынақтан өткізіледі. Бұл вакцинаның құрамындакоронавирустың 5 түрлі ақуызы бар.
Владимир Евсеев, сарапшы:Вакциналардың арасында «Спутник-V»-дың адамға ауырлау екені белгілі. Дегенмен оның тиімділігіде өте жоғары. Сондықтан қыркүйекте Үндістанда да бұл вакцина өндіріле бастайды, әзірге жылына 300 млн доза шығарылады. Иммунитеті төмен адамдар,созылмалы ауруы барларға «Спутник лайт» вакцинасын салу керек.
Иммунологтардың айтуынша, «Спутник-V» вакцинасы 60-тан асқандардың арасында 90 пайызтиімділігін көрсеткен. Бүгінгі күнікөрші елде 43 млн адам екпе алған. Келер жылдың басына дейін ұжымдық иммунитет қалыптастыру көзделіп отыр.
Индира Бегайдар