Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Қазір 13 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары «қызыл» аймақта тұр. Тек Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта.
Өткен тәулікте 6 314 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Вирустық белгілері бар пневмония 27 адамнан анықталды. Бір күнде 24 науқас қайтыс болды. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 369 мыңнан асты.