Сарыжар ауылында 320 орындық мектепте 1200 бала оқуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыжар ауылында 320 орындық мектепте 1200 бала оқуға мәжбүр

24.08.2021

Ақтөбе облысы Сарыжар ауылындағы 1200-ге жуық оқушы 320 балаға шақталған білім ордасында оқуға мәжбүр.Себебі, ауылдағы ескі мектепте дәл оқу жылы басталарда жөндеу жұмыстары басталған. Ал, ата-аналар бұған қарсы. Әріптесім Жақсыбек Кемал ауылға барып,мәселенің мән-жайын біліп келді.

Жақсыбек Кемал, тілші:
Оқу жылының басталуына бір апта ғана қалды. Ал, бұл жерде жөндеу жұмыстары енді ғана басталған. Ата-аналар балаларының ауылдың екінші шетіндегі жаңа білім ордасына барып оқуына қарсы. Себебі, ол мектептің өзі үш ауысымда білім береді.

Бұл ғимарат 1973-інші жылы салынған. Соңғы рет осыдан 20 жыл бұрын жөнделген. Қазір 600 бала білім алады. Мектеп басшылығының айтуынша, білім ордасының электр желілері әбден тозған, есік-терезелерін де ауыстыратын.

Қуанышәлі Жаңабаев, Хлебодар орта мектебі директорының орынбасары:
Кітапханамыздан су кетіп тұр, спорт залдың да жағдайын көрген шығарсыздар, жарлары да қисық. 

Мердігер мекеме өкілдері 4 айға белгіленген жұмысты екі айда бітіреміз деп отыр. Енді мұндағы оқушылар ауылдың екінші шетіндегі жаңа мектепке барып оқуы тиіс. Ал, ата-аналар оған түбегейлі қарсы.

Өмірбек Сейіталин, ауыл тұрғыны:
Ол жақта үш ауысыммен сабақ өткізеді.Олар кешкі 7-де өтеді. Мына жақтағы 500 баланы анда ауыстырған кезде қандай қиындықтар туындайды. Ремонттың мезгілсіз уақытта басталғанына, оқу жылы қарсаңында, әсіресе санитарлық-эжпидемиологиялық ереженгің бұзылғанына қарсы»

Ал, білім саласына жауаптылар жұмыстың кеш басталуы біздің кінәмізден емес деп отыр. Айтуларынша, тендерді жеңіп алған компания үстінен шағым түсіп, уақыт өтіп кеткен.

Нұржан Әшімов, Мәртөк аудандық білім бөлімінің басшысы:
Мердігерлер арызданғасын уақыт созылды. Оныншы тамыз күні құзырлы органдар тексеріп, арызн егізсіз деп қалдырып, «Алихан ойл» ЖШС мердігер болып танылды. Жұмыс басталды.

Ауылдағы 320 орындық жаңа білім ордасының өзінде қазір 500 бала бар.Оқушы саны әлде де көбеюі мүмкін. Себебі, елді мекенге қоныстанушылар көп. Аудан шенділері енді оқушылардың бір бөлігін ауылдық мәдениет үйіне оқыту жағын қарастырмақ. 

 Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу