ШҚО-да алимент төлемеген 200-ден астам адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да алимент төлемеген 200-ден астам адам іздестіріліп жатыр

23.08.2021

Шығыс Қазақстан облысында 200-ден астам адам алимент төлеуден қашып жүр. Оның қатарында 15 көкек ана бар. Бауыр еті баласынан бас тартып, жауапкершіліктен жалтарған кейбірінің берешегі 2,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Көші-қон қызметі басқармасының мамандары алимент төлемегендерді іздестіріп жатыр.

Нұрлан Жеңісханов,  ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
Алимент төлемеушілерді іздестіру жеке сот орындаушыларының прокурор мен санкциялар қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Облыс бойынша алимент төлемеушілер саны былтырғы жылы 165, ал биыл 205.


Хабарламаларға жазылу