Олар Ертіс өзенінің жағалауындағы ауыл тұрғындары. Ал Ақсу қаласында қарт өзен ағалы-інілі қос жеткіншекті жалмады. Қазір Ертіс суы арнасына тола көтеріліп, лайланып тұр. Оның үстіне ағысы қатты. Сондықтан сүнгуірлер суға батқандардың әзірге үшеуін ғана тапты.
Ал, ауа райы күннен-күнге ысып барады. Биылғы шомылу маусымы басталғалы Павлодарда 15 адам суға кетіп, қайтыс болды.Олардың 7-і - балалар.
Серік Шериязданов, облыстық ТЖД Жедел құтқару отряды басшысының орынбасары:
Ауа райы күрт ысиды. +30 - +35 градусқа дейін көтеріледі. Сол себептен рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауды өтінеміз. Алкогольдік ішімдік ішіп шомылмауды өтінеміз және балаларды қараусыз қалдырмауды өтінеміз. Тек қана рұқсат етілген жерлерде шомылу керек.
Болат АМАНБАЕВ