Шығыс Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлері ұсталды

23.08.2021

Шығыс Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасаған 2 медицина қызметкері мен тағы 3 делдал ұсталды. Олар қолдан жасалған құжатты 20 мың теңгеден сатқан. Айтуларынша, жалған вакцина паспортын 20 шақты адамға жасап берген.Алайда тәртіп сақшылары заң бұзушылық дерегі әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Қайрат Әбдіғалиев,  ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы: 
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Осындай жалған және заңсыз жолмен вакцина паспорттарын алған барлық азаматтар анықталып, олардан жауап алынатын болады.


Хабарламаларға жазылу