Мамин: ЕАЭО-ның дағдарысқа қарсы шараларын дамыту маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамин: ЕАЭО-ның дағдарысқа қарсы шараларын дамыту маңызды

20.08.2021

Еуразиялық экономикалық одақтың дағдарысқа қарсы шараларын дамыту маңызды. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қырғызстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына осылай деді. Төраға ретінде қатысқан Премьер-Министр одақтың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бастама көтерді. Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында темір жол тасымалдарын цифрландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Туризмді дамыту үшін вакцинация паспорттарын одақ елдерінде өзара тану тетіктерін ойластыру керек. Азық-түлік нарығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жедел шаралар қабылдау туралы да айтылды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Азық-түлікті бірлесе өндіру мен оны сыртқы нарықтарға шығару әлеуетін арттыру қажет. Бұл міндеттерді іске асыру біздің макроөңірге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өзін еуразиялық кеңістіктегі ең маңызды азық-түлік хабтарының бірі ретінде танытуға мүмкіндік береді.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу