Алматыда «Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мәжіліс депутаттарымен бірлесе отырып, Парламентаризм институтының бастамасымен «атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру» бойынша заң жобасы кеңінен талқылауға шығарылды. Сарапшылар мұндай бас қосу ауылшаруашылық өндірістік кешені үшін маңызды екеніне тоқталды. Жиынға қатысушылар заңнамада бірқатар олқылықтар мен қайшылықтар барын ескеріп, түзету енгізу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер ескерусіз қалмай, құзырлы органдарға табысталмақ.
Қуан Нұрақын