Жапонияда Паралимпиада алауын тұтату рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда Паралимпиада алауын тұтату рәсімі өтті

20.08.2021

Жапонияда Паралимпиада ойындарының алауы тұтанды.Салтанатты шара кезінде Токионың 62 муниципалитетінен әкелінген үш бірдей жалын біріктіріліп, бір алауға айналды. Паралимпиада тамыздың 24-і мен қыркүйектің 5-і аралығында өтеді. Коронавирус пандемиясына орай Токио Олимпиадасы сияқты бұл турнирлерге де көрермен қатыспайды.

Айта кетсек, Жапония аумағында вирустың өршуіне байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі Паралимпиада күндерді де әрекет етпек. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу