Ауғанстанда жексенбіден бері елден 18 мыңнан астам адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жексенбіден бері елден 18 мыңнан астам адам эвакуацияланды

20.08.2021

Ауғанстан билігі «Талибан» қозғалысының қолына өткелі бері 18 мыңнан астам адам елден эвакуцияланды. Кабул әуежайына әлі де мыңдаған тұрғын ағылып жатыр. Олардың мақсаты – шетелге кету. Қашып жатқан жұртты тәліптер де тоқтата алар емес.

Тамыздың 15-нен бері АҚШ-тың әскери ұшақтарына жармасып мініп, артынша жерге құлап, 12 адам мерт болды. Кетуге ұмтылған жұртты үйлеріне қайтару үшін исламшыл топтың жасақтары аспанға оқ атып жатыр.

Айта кетсек, ауған еліндегі осы хаос үшін Вашингтон мен НАТО қазір үлкен сынға ұшырап отыр. Тәліптер болса, зорлық-зомбылық пен шерулер кезінде елді бірлікке шақырып, Ауғанстаннан қашпауға үндеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу