Жамбыл облысында алғашқы миллион тонналық фосфор кені өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында алғашқы миллион тонналық фосфор кені өндірілді

27.03.2017

«ЕуроХим» кәсіпорыны  2013 жылдан бері осы өңірдегі Сарысу және Талас аудандарында кешенді инвестициялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында Қаратау қаласындағы фосфорит бассейнін игеру, минералдық шикізатты қайта өңдейтін химиялық кешен бар.

Қазір барлық өндіріс алаңындағы инженерлік жүйе дайын.  Енді міне, Арал төбе аймағында алғашқы миллион  тонналық фосфор кені игерілді. Өндірісте 450 адам жұмыс істейді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу