Алтын 38 долларға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын 38 долларға арзандады

19.08.2021

Тамыздан бері алтын арзандап жатыр. Бағалы металдың құны 38 долларға төмендеген. 1822 доллардан саудаланған алтынның бағасы қазір 1780 долларға түсті.  Ұлттық банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес 1 грамм алтын 24500 теңгеге бағаланған. Сарапшылардың пікірінше, бағаның төмендеуіне доллардың біршама нығаюы әсер еткен. Олар алдағы уақытта күмістің де құны төмендеп, 24 долларға арзандауы мүмкін екенін айтады.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу