БҚО-да ресми есеп бойынша 30 мыңнан астам адам - жұмыссыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да ресми есеп бойынша 30 мыңнан астам адам - жұмыссыз

19.08.2021

Батыс Қазақстан облысында ресми есеп бойынша 30 мыңнан астам адам - жұмыссыз. Олардың санын азайтудың бір жолы - ірі кәсіпорындар қызметін тоқтатпау. Өңірге келген мәжіліс депутаттары сондай өндіріс орындарының бірі жиһаз фабрикасының жұмысын тексерді. Мұнда мыңға жуық адам еңбек етеді. Партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасына енген кәсіпорын бес жыл бойына депутаттар бақылауында болады.

Снежана Имашева,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір бұл жерде мыңға жуық жұмысшы бар, оған қосымша тағы 100 жұмыс орны ашылады. Бұл енді біздің аймақта жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін, бұл - бірінші мәселе. Екіншіден, салық көбейеді, әрине. Облыс бюджетіне түсетін салық. Үшіншіден, мемлекет тарапынан қолдау алынып жатыр, бұл - субсидия, арзан кредиттер.


Хабарламаларға жазылу