Қыркүйекте жарықтың бағасы тағы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйекте жарықтың бағасы тағы өседі

18.08.2021

Қыркүйекте жарықтың бағасы тағы өседі. Энергетика министрлігі сәуірде энергия өндіруші ұйымдарға шекті тарифті 15%-ке көтерген. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері мұның жарық бағасына әсер еткенін айтады. Биылдың өзінде электрмен жабдықтау 10%-ке қымбаттады. Мамандар мұның шамамен 3,5%-ке тағы көтерілетінін жеткізді. Бірқатар өңірде электр энергиясының құны өсті. Ал күзде тарифті көтермеген аймақтарда ғана баға өзгеретінін айта кетейік. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу