10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды. Бірінші тамыздағы статистикалық мәліметтер осыны көрсетті.
Жалпы 1991-ші жылдан бері бір миллионнан астам қандасымыз Қазақстанға оралды. Биыл атамекенге келгендердің 80 пайызға жуығы Өзбекстаннан оралған. Қалғандары Қытай, Түркіменстан, Моңғолия және басқа елдерден келген. Олардың көбісі еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлеріне қоныстанды. 50 пайыздан астамы еңбекке қабілетті азаматтар болса, 30 пайызға жуығын жеткіншектер мен зейнеткерлер құрайды. 11 пайызында жоғары білім бар.