Өткен тәулікте 7 034 адам індетке шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 7 034 адам індетке шалдықты

18.08.2021

Елдегі эпидахуал әлі де күрделі күйде қалып тұр. Бүгінде 16 өңір қауіптің қызыл деңгейінде екенін көруге болады. Тек Түркістан облысы ғана бірер күннен бері «жасыл» аймаққа жайғасқан.

Өткен тәулікте 7 034 адам індетке шалдықты. Ал вирустық белгілері бар пневмония 563 адамнан анықталды. Бір күнде 19 науқас қайтыс болды. Пневмония жұқтырған 221 адам жазылып шықты. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 183 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу