Жаңа оқу жылынан бастап Солтүстік Қазақстандағы барлық спорт секциялары балаларға тегін қызмет көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Өңірде балалар мен жасөспірімдерге арналған 27 спорт мектебі бар. Сондай-ақ, олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжі мен 9 клуб жұмыс істейді. Биыл екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тұсауы кесілді. Тағы да 5 нысанның құрылысы жүріп жатыр.
Эльмира Кәленова