Жанар-жағармайдың бағасы өткен айда тағы өсті. Статистика бюросының мәліметінше, АИ-92 маркалы бензин 14,8%-ке қымбаттаған. Шілдеде жанармай құю бекеттерінде литрі 173 теңгеден сатылды. Петропавлда 180, Көкшетауда 165 теңгеден саудаланды. Бензиннің литрі Алматы мен Нұр-Сұлтанда 174 теңге шамасында. АИ-95 маркалы жанармай 15 пайызға қымбаттап, литрінің құны 197 теңгеге өсті. Әсіресе Қостанайды қымбатқа саудаланып жатыр – 208 теңге. АИ-98 жанармайының бағасы 216 теңгеден асты. Ал жазғы дизель отынының құны 6,4%-ке өскен.
Ақерке Бектас