Алматыда жалған ПТР анықтамасын сатқан студент ұсталды. Ол қаладағы медицина университетінің бірінде оқитын болып шықты. Қамауға алынған азамат жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде жұмыс істеген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ПТР анықтамасын сату туралы ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындаған 25 жастағы тұрғын бұл іске бір-ақ рет барғанын айтты. Тергеу барысында оның тағы қанша адамға жалған құжат дайындап бергені анықталмақ.
Күдікті:Мен бір адамға ғана ПТР сынамасының нәтижесін дайындап бердім. Бұл үшін 20 мың теңге алғаным рас. Өз кінәмді толық мойындаймын және осы әрекетіме өкінемін.
Қуан Нұрақын