Алматыда қоғамдық көліктердің бірінде салонда антифриз ағып, екі адам күйіп қалды. Оқиға куәгерлерінің сөзінше 201-ші бағытта қатынайтын автобус ішінде қайнаған сұйықтық шашыраған. Күйіп қалғандардың бірі - аяғы ауыр келіншек. Зардап шеккендер бірден қалалық № 4 клиникалық ауруханасына жеткізілді. Науқастардың жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Бірі емдеу мекемесіне жатудан бас тартса, екіншісі медициналық тексеруден кейін үйіне қайтарылды. Маршруттарға жауапты «Алматыэлектротранс» компаниясының өкілдері мұны автобустың қозғалтқышы қызып, салқындатқыш жүйенің істен шығуымен түсіндірді. Қазір осы іс бойынша қызметтік тексеріс басталды.