Якутиядағы орман өртінің түтінінен Өскемен, Семей қалаларының ауасы ластанып кетті. Ресейдің Батыс Сібірінде соңғы бір айдан бері орман жанып жатыр. Осы уақытқа дейін қызыл жалын бір жарым миллион гектар аумақты шарпыған. Азот және күкірт диоксиді, күкіртсутегі тиісті мөлшерден бірнеше есеге көбейген. Мамандардың айтуынша, 1 апта бойы ауа сапасы қауіпті деңгейде болды. Бірақ, соңғы бір-екі күнде жаңбыр жауып, жағдай жақсарып келеді.
Гүлжас Кашканова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының инженер-химигі:Өскемен қаласында 3 зиянды заттың мөлшері артқан. Соның ішінде күкірт диоксидінің шекті рұқсат етілген шоғырынан 9 есе көп болды. Біздің мамандардың пайымдауы бойынша ауа сапасының нашарлауына Якутиядағы өрттің түтіні әсер еткен.
Берік Көшербай