Алматының Наурызбай ауданында ауыз су мәселесі шешіледі
Алматының Наурызбай ауданын ауыз сумен толық қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. 150 мыңнан аса тұрғыны бар ауданның қазіргі таңда 50% -ы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселені қала билігі қолға алды.
Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қазір қарқынды іске асып жатыр. Мәселен, Қарғалы өзенінде су жинайтын мына нысан тәулігіне 15 мың текше метр суды тазартуға қауқарлы.
Бота Жылысова, «Алматы су» МКК ресми өкілі:Бұл сүзгі станциясы салынғаннан кейін судың көлемі бес сеге дейін ұлғаятын болады. Сондықтан Наурызбай ауданының тұрғындары үздіксіз ауыз суға қол жеткізеді.
Жер үсті суларына қоса қосымша ұңғыма қазу жұмыстары да қолға алынды. Бұрғылау жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Досқан Сүйеубаев, «Алматы су» МКК бөлім басшысы:Бұл жерде төрт ұңғыма болған. Қазір бұған қосымша бес ұңғыма қазылып жатыр. Оның қазір екеуі бітті. 3-ші және 4-ші ұңғыманың жұмыстары жүріп жатыр. Тереңдігі 300 метрден.
Аудан халқының төрттен бір бөлігі әлі күнге дейін ауыз суды тасып ішеді. Күрмеуі қиын мәселенің алға жылжып, жұмыстардың жүргізіліп жатқанына тұрғындар дән риза.
Қабығатолла Жәнібеков, Наурызбай ауданының тұрғыны:Суды, қойманы ұлғайтып жатыр. Өте жақсы бастама. Алға жылжи берсін. Біздің рақметтен басқа айтарымыз жоқ.
«Жаңа Алматы» кешенді жоспарын іске асыру барысында 23 ықшамаудан тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмек. Қала шетіндегі елді мекендерді сапалы сумен қамту жөніндегі жобаларды іске асыруға 18 миллиардтан аса теңге бөлінді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24