Шымкентте мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Ақпарат бойынша олар бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін мемлекеттік органдарға 80 миллион теңге пара бермек болған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеп-тексеру амалдары басталған.