Әлеуметтік әріптестікті дамыту - жұмысшылардың еңбек құқықтарын тиімді қорғаудың кілті. Еңбек қатынастарын реттеу бойынша Шығыс Қазақстандағы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысы жемісті. Бүгінде облыста 1446 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Өндіріс орындары мен ірі мекемелердегі жұмысшылардың құқығын қорғау үшін кәсіподақ күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Әлеуметтік әріптестікті дамыту үшін облыстық әкімдік, өңірлік кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестігі үш жақты келісім жасаған. Жыл басынан бері арнайы комиссия әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттеу бойынша 10 отырыс өткізген.
Темірбек Қасымжанов, «Шығыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:
Бірінші жартыжылдықта, ең бірінше еңбекақының төленуі басты мәселе болды. 6 айда 720 жұмысшының еңбекақы бойынша құқығы қорғалып, 670 миллион теңгенің еңбекақылары жұмысшыларға төленіп берді.
Берік Көшербай