Кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 107 науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 107 науқас қайтыс болды

10.08.2021

Енді елдегі эпидахуалға ойыссақ. Жағдай әлі де күрделі. Қазір 16 өңір «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта тек Түркістан облысы ғана.

Ал, кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 107 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны да артып жатыр. Кеше тағы 7 235 адам ауруға шалдықты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 35 адам шалдыққан. Қазір 111 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 2 мыңға жуығы ауыр жағдайда. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 807 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу