Үндістанда өзеннің ластануы әйгілі Тәж-Махал кесенесінің көркіне қауіп төндіріп тұр. Экологтар осылай деп дабыл қағып жатыр. Олардың сөзінше, Ямуна өзеніндегі өндірістік химикаттар, балдырлар және қалдықтардан пайда болған лас көбік тарихи ғимарат түсінің өзгеруіне себеп болып отыр.
Мавзолейге түскен дақтар кетпеуі мүмкін деген қауіп бар. Өзге бір зерттеушілердің ойынша, өзен суының ластануынан бөлек Тәж-Махалға көмірқышқыл газының ауаға көптеп бөлінуі де кері әсер етіп жатыр.
Арай Төлегенқызы