Қарағандылық шенеунік той ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық шенеунік той ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылды

09.08.2021

Қарағандылық шенеунік той ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған Қалел Мақсұтов 400-ге жуық адамды жиып, той жасамақ болған. Одан бөлек, облыста той өткізген тағы бір топ ұсталды. Бұл жолы мейрамхана емес, 2 қабатты үй жалдаған тойшыл қауым тексеріске келген мониторингтік топты күштеп, есік алдынан итеріп, қуып шығуға тырысқан. Облыс әкімі карантин талаптарын бұзғандарға қатысты қатаң тапсырма берді. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу