Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді

09.08.2021

Шығыс Қазақстанда гидроцикл үрмелі қайықтың үстіндегі демалушыларға соғылып, бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Алакөл демалыс аймағында болды. Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны су көлігімен жүйткіп келе жатқанда көлде жүзіп жүрген адамдарды қағып кеткен. 40 жастағы Семей қаласының тұрғыны оқиға орнында қаза тапқан. Ал, оның 11 жастағы қызы жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Гидроцикл иесіне қатысты да сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бауыржан Омаров, облыстық ПД Үржар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары: 
Гидроциклдің иесіне қатысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 3 - бөлігі бойынша- абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу