Біржолғы зейнетақы төлемдері ем-дом алуға да бағытталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біржолғы зейнетақы төлемдері ем-дом алуға да бағытталмақ

06.08.2021

Салымшылар зейнетақы қорына 210 миллиард теңгеден астам қаржыны қайтарды. Еске салайық, біржолғы зейнетақы төлемі 45 жұмыс күнінде мақсатты түрде пайдаланылмаса, қайтарылуға жатады. Қор өкілдері емделуге жалпы сомасы 26 миллиард теңгеге өтініш берілді. Алайда, 4 миллиард теңге көлеміндегі сома пайдаланылмаған. Осы ретте, денсаулық сақтау министрлігі ем шараларына бөлінетін бірыңғай зейнетақы төлемдеріне өзгерістер енгізілген бұйрық жобасын әзірледі. Оған сай зейнетақы төлемдері есебінен балалар мен жақын туысқандарға емделумен қатар шетелде ем алуға да мүмкіндік қарастырылған. 


Хабарламаларға жазылу