Көкшетауда банк саласы қызметкерлері түгел екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда банк саласы қызметкерлері түгел екпе алды

06.08.2021

Көкшетауда банк саласы қызметкерлері түгел екпе алды. Қала тұрғындары мен қызметкерлердің қауіпсіздігін жоғары қойған мамандар бір кісідей жұмылып вакцина алды дейді филиал басшылары. Жалпы өңірде бүгінге дейін барлығы 225 мың тұрғын екпе алған. Әзірге аймақта эпидахуал ушығып тұр. Облыс орталығындағы ауруханаларда орын жоқ, төсек-орын жүктемесі 115 пайыздан асып кеткен. Соңғы тәулікте 260 адам індет жұқтырған. Жыл басынан бері 151 науқас көз жұмған.


Хабарламаларға жазылу