Шымкентте кәсіподақ еңбек дауларын шешуде белсенділік танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кәсіподақ еңбек дауларын шешуде белсенділік танытып отыр

06.08.2021

Шымкент қаласы тұрғындарының еңбек нарығына қатысты кейбір мәселелер өз шешімін тауып келеді. Бұл туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері мәлімдеді. Жыл басынан бері еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның 10 отырысы өткізіліп, 40-қа жуық мекемеде еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал еңбек қауіпсіздігінен ескерту алған және жазатайым оқиғалар орын алған 53 мекемеде шілде айынан бастап тиісті іс шаралар ұйымдастырылуда.


Хабарламаларға жазылу