Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 155 науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 155 науқас қайтыс болды

06.08.2021

Енді елдегі эпидахуалға ойыссақ. Жағдай әлі де күрделі. Қазір 16 өңір «қызыл» аймақта тұр. «Жасыл» аймақта тек Түркістан облысы ғана.

Ал, кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 155 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар да артып жатыр. Кеше тағы 7 769 адам ауруға шалдықты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 413 адам шалдыққан. Қазір 108 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 1884-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 634 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу