Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

05.08.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Ол ертең Аваза курорттық аймағында өтетін Орта Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Бұл жиын үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бестіктің алғашқы отырысы 2018 жылы Нұр-Сұлтанда өткен. Ал былтыр Бішкек қаласында өтеді деп жоспарланған жиын пандемия салдарынан кейінге қалдырылды. Мемлекет басшылары өңірдегі өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орта Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Хабарламаларға жазылу