Тойға рұқсат беріп, пара алған қызметкері үшін Талдықорған әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тойға рұқсат беріп, пара алған қызметкері үшін Талдықорған әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды

05.08.2021

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкер пара алып, осы үшін шахар әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Алматы облыстық департаментінің хабарлауынша, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен бас маманға қатысты іс тергелуде. Олар карантин кезінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанына қарамастан мейрамхана мен сауда орындары иелерінен 20 мыңнан бастап 270 мың теңгеге дейін пара алған. Тағы 5 мейрамхананың әкімшісі де пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Арнайы кеңес өткізіліп, нәтижесінде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова қызметінен босатылды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу