Елбасы Арыстағы апаттан зардап шеккендерге жеке көмек бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Арыстағы апаттан зардап шеккендерге жеке көмек бермек

25.06.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арыс тұрғындарының тағдырына алаңдаулы. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. «Қазір барлық қазақстандық Арыс қаласының тұрғындарының қайғысына ортақ. Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен Арыс тұрғындарының тағдырына алаңдап отыр», - деп жазды ол өзінің Твиттер парақшасында. Сонымен қатар, «Елбасы және Тұңғыш Президент кеңсесінің қызметкерлері тиісті қорға бір күндік еңбекақыларын аударды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды бұл жағдайға бей-жай қарамауға шақырды»,- делінген.

 

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Қоры да Арыстың тұрғындарына материалдық көмек жасады. Қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударды, әрі қордың өзі де мекеме ретінде қаржы жіберді.

 

Асима  НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу