Екпе алғандардың ағзасында вирусқа қарсы иммунитет пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе алғандардың ағзасында вирусқа қарсы иммунитет пайда болады

05.08.2021

Елордалық зертхана вакцина алғандар ағзасындағы вирусқа қарсы антидене мөлшерін анықтау бойынша зерттеу жүргізді.

Мамандар 6 түрлі екпе салдырған 962 пациенттен қан алған. Олардың 866-сы «Спутник V» вакцинасын, 58-і «Hayat-Vax», 14-і «QazVac», 12-і «CoronaVac», 9 адам «Pfizer», 3-і «AstraZeneca» препаратын салдырған. КСМ: Екі айға жуық жүргізілген зерттеу нәтижесі 6 вакцинаның да тиімділігін көрсетті. Компания өкілдері қатысқан пациенттердің саны көп емес, сондықтан олардың қатары артқан сайын көрсеткіштер айтарлықтай өзгеруі мүмкін деп отыр. Айта кетейік, қатысушылардың арасында шет ел азаматтары да бар.

Асылжан Ареков, клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас медициналық өкілі: 
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей «Спутник V» вакцинасын қабылдаған адамдардың 97%-да, «Hayat-Vax» қабылдағандардың 90%-да, «CoronaVac» алғандардың 92%-да, AstraZeneca мен Pfizer қабылдағандардың 100%-да және «QazVac» вакцинасын қабылдағандарыдң 79%-да иммунитет қалыптасқан болып табылады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу