Боливия мен Перудің басым бөлігінде қалың қар жауды. Ғимараттар мен көліктерді ақ ұлпа басқан. Өңірде сирек болатын құбылыс кезінде жергілікті тұрғындар көшеге шығып, біріне-бірі қар лақтырып ойнады. Сынап бағанасы төмендегесін Боливияда футбол матчы кейінге қалдырылған.
Ал, Перуде жолдарды көктайғақ басты. Осыған орай көліктер жолға шыққан жоқ. Синоптиктердің болжамынша, мұнда күн апта соңына дейін жылынбайды.
Арай Төлегенқызы