Семейде борышкерлер жылу жүйесінен ажыратылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде борышкерлер жылу жүйесінен ажыратылып жатыр

04.08.2021

Семейде борышкерлер жылу жүйесінен ажыратылып жатыр. Мұндай шараны шаһардың коммуналдық мекемесі сәуірде бастаған. Күштеп қарызды өндірмесе, тұрғындардың жылуға берешегі қазірдің өзінде 375 миллион теңгеден асады. Оның 250 миллионы жеке, қалғаны заңды тұлғаларға тиесілі. Мамандар қазір қара тізімде тұрған пәтерлерді, жекеменшік сектордағы үйлер мен коммерциялық нысандарды аралап, берешегі 100 мың теңгеден асқандардың құбырларын қия бастады. Ал 100 мыңнан аз болса, қарыз сот арқылы өндірілмек.

Ерік Райымжанов, жылу инспекциясы бастығының орынбасары:
Қала бізге 550 миллион қарыз болатын. Қазір ол ақшасы 375 миллионға дейін түсіп қалды, осы жұмыстар басталғаннан бері. Кейбір жер үйдерле 200-300 мыңға дейін барады.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу