Маңғыстау облысындағы Сарға ауылының халқы техникалық су тұтынып отыр. Оның өзін талонмен алып, тасымалдап ішеді. Ауылға су жеткізу үшін «Ақбұлақ» бағдарламасымен осыдан 5 жыл бұрын құбыр тартылған, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтап қалған.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Бұл су станцияларының әр қайсысы 500 тоннадан. Оның екеуі су жинап, біреуі су тазартуға арналған. Ал тазартылған су мына насос станциясы арқылы, су құБыры арқылы ауылға жеткізілуі тиіс болатын. Алайда, Сарғалықтардың таза әлі суды құбыр арқылы ішеміз деген арманы орындалмай қалды. Өйткені, жоба тоқтап қалды. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай станцияның есік-терезесі сынып, қараусыз жатыр.
Тереңдігі 2 метр құдыққа құлаған баланың аман қалуы екі талай еді. Ауылда мұндай құдық көп. 5 жыл бұрын қазылғанымен сол күйі ашық жатыр.
Орынбасар Қиянов, Сарға ауылының тұрғыны:Бір кездері осы кран жүреді деген елдің ішіне кранмен су келеді деген әр үйге түтікпен деп. Бірақ бітпей қалды, себеп көп. Қиын болып тұрғаны судың жаңағы айтқан, талон барып аласың, оны водовозға апырып бересің. Ол енді 1 күн асып кетсе 1-2-3 күнде құйылады.
Сарға ауылында 1700 ге жуық тұрғын бар. Елді-мекенге Қиғаш құбыры арқылы су келіп тұр. Тұрғындар оны құдыққа құйғызады. Одан үйге тасып ішеді. Бірақ, сапасы сын көтермейді.
Сәуірбай Тақабаев, Сарға ауылының тұрғыны:Биыл 2 водовоз еді оның біреуі қазір бұзылып жатыр. Амал жоқ жекеменшікке жүгінесің. Оның бір водовоздың бағасы үкіметтің 3 водовозының ақшасына түседі.
2017 жылы қолға алынған жобаны Сико ЖШС 1 жылда аяқтауы тиіс еді. Мердігерге 477 млн теңгенің 427 млн-ны аударылған. Бірақ, 20 шақты адаммен құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер әлі күнге дейін ақысын ала алмай жүр.
Бауыржан Ситеков, бригада жетекшісі:Басында ақша алып тұрғасын сеніп, сол мекемеге 6 ай жұмыс жасап ақшамды ала алмай қалдым. 6,5 млн теңге ақшам бар алатын.
Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі жоба уақытында аяқталмаған соң, мердігер мекемені 3 рет сотқа беріп, жеңген. Алайда, бір тиын да өндірілген жоқ.
Самат Бисенов, Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:Бұл мекеме міне қанша рет соттасып жатырық, сот барысында өздерінің жауапкершілігінен қашып отырған жоқ. 19-20 жылдарды төтенше жағдай деп отыр. Қаржы жағынан қиындау болып қалған. 15-20 күн ішінде заңгері келіп кетті. Қаржы көздерін іздестіріп жатырмыз, бітіріп береміз деп отыр.
Аудан әкімдігі жыл соңына дейін ауылға су жеткізуді жоспарлап отыр. Егер, мердігер компания жобаны тағы да аяқсыз қалдырса, жұмсалған қаржы сот арқылы өндіріліп алынады. Содан кейін ғана жұмыс басқа мердігерге жүктелмек.
Аягөз Оралбайқызы