Атырауда жеделсаты құлап, 39 жастағы жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жеделсаты құлап, 39 жастағы жұмысшы қаза тапты

04.08.2021

Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға «Ардагер» тұрғын үй кешеніндегі лифтіні жөндеу кезінде болған.

Атырауда 17 қабатты үйдің жеделсатысы құлап, 39 жастағы жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екеуі де - Алматы облысының тұрғындары. Оқиға «Ардагер» тұрғын үй кешеніндегі лифтіні жөндеу кезінде болды. Жеделсаты кабинасы 15-ші қабаттан 1-ші қабатқа құлаған. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Индира Мерекен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі: 
1987 жылы туған азамат облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше сынықтар және түрлі жарақаттар алған. Қазір отаға дайындалуда. Операциядан кейін реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу