Елімізде індеттен қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде індеттен қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты

04.08.2021

Пандемия бастағалы елімізде індеттен қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты. Ал, кеше бір күннің өзінде 149 науқас көз жұмған. Елдегі эпид ахуал өте күрделі. Қазір Түркістан облысы ғана жасыл аймақта. Қалған облыстар қызылдан шыға алмай тұр.

Күн сайын вирус жұқтырғандар артып жатыр. Кеше тағы 7 519 адам ауруға шалдықты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 471 адам шалдыққан. Қазір 107 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 530 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу