«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Берік Шәріп қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша айыпталған болатын. Прокурор 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Яғни, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану арқылы ауыр зардаптарға соқтырды деп отыр. Бірақ, сот оны кінәсіз деп танып әрі іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағанын айтты. Күдіктіге тағылған екінші кінә – ұңғысыз тапаншаны заңсыз сақтағандығы туралы болды. Бұған қатысты судья 2 млн 700 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Алайда, төлеуге жататын сомасы оның былтыр тамыздан бері қамаудағы мерзімі есебінен өтелді. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпті ақтап, қамаудан босатты.
Нысаналы Ығыл