Атырау облысында инфекциялық стационарларда 1 жарым мыңнан астам науқас ем қабылдауда. Тек бір күнде 406 адам инфекция жұқтырған. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 81 адам жансақтау бөлімінде жатыр.Оның 14-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Облыс бойынша 145 мың адам екпе алған.
Әлия Нұртай, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:
Реанимация бөлімшелерінде 14 адам ИВЛ аппараттарына қосылған. Қазір 4 984 пациент үй жағдайында емделуде. Ал, 246 адам COVID-19-дан емделіп шықты.