Президент Ішкі істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ішкі істер министрін қабылдады

03.08.2021

Жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін жыл басынан бері 110 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған ІІМ мәлімдеді. Ерлан Тұрғымбаев министрлік бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96 пайызы екпе алғанын жеткізді.

 Сондай-ақ кездесуде қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылағаны сөз болды. Соның арқасында кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар саны азайған. Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігі бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу