Түркістан облысында бір жасар баланы ит талап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында бір жасар баланы ит талап өлтірді

02.08.2021

Түркістан облысында бір жасар сәбиді өз үйіндегі иті тістеп, жантәсілім етті. Қайғылы оқиға Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында болған. 29 шілде күні таңғы сағат 10.00 шамасында басын жарақаттаған бүлдіршін өте ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, ашық ми жарақаты болған. Тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, облыс орталығынан білікті дәрігерлер шақыртылған. Дереу операция жасалғанымен, сәбидің беті бері қарамады. Ол күні кеше аурухана төсегінде қайтыс болды.

Әбдінәби Ысқақов, Отырар аудандық ауруханасының балалар хирургі:
Операциядан кейінгі жағдайы өте ауыр болды. Дене қызуы баланың, қайтадан нәрестені көрдік. Травманың өте үлкендігі де операцияда ауыр жағдаймен бала 1 тамыз күні қайтыс болды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұл оқиға жергілікті полиция бөлімінде тіркеуге алынған. Алайда полиция өкілдері ата-анасының арызданбауына байланысты қылмыстық іс қозғалмауы мүмкін екенін айтады. Тіпті, баланың туыстары бұл оқиғаның жария етілуіне де қарсылық танытып отырған көрінеді.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу