Қарағанды фармацевтикалық кешені СК-Фармация кәсіпорынының тапсырысы бойынша «Sputnik V» вакцинасының тағы 2 миллион дозасын өндіру туралы келісімге қол қойды. Келісімге сай, тапсырыс осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында дайын болуы тиіс. Бұдан бұрын қарағандылық кешен «Sputnik V» вакцинасының 5 миллион дозасын жеткізу бойынша өз міндеттемелерін уақытында орындады. Кешен Ресейлік Гамалей институты ұсынған ванцинасының Қазақстандағы ресми өндірушісі екенін еске саламыз.
Ғабит Бөкенбай