Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың қорғаушылары сот қаулысына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың қорғаушылары сот қаулысына наразы

02.08.2021

Алматыда қамауға алынған танымал кәсіпкердің жақындары сот қаулысымен келіспеді. Бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровтың қорғаушылары оған тағылған айып еш негізсіз дейді.

Бүгін қалалық соттың алдына жиналған кәсіпкердің жары Ольга Әбдіғаппарова, қорғаушылары Анар Құсайынова, Сәлімжан Мусин соттың шешіміне наразы екендерін білдірді. Тіпті үй қамаққа ауыстыру жөнінде кепілдікке жылжымайтын мүлік қойғанның өзінде судья оны ескермеген. Алғашқы сот отырысы жабық жағдайда өтті. Бизнесменге «аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді және ысырап етті, деген айып тағылып отыр. Кейбір қоғам белсенділері кәсіпкердің тұтқындалуын «кезекті рейдерлік жолмен басып алу» деп те атады.

Еске салайық, Алмас Әбдіғаппаров 24 шілде күні қамауға алынған. Ол серіктестерімен бірге виллаларды сату кезінде 420 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілдінген.

Анар Құсайынова, кәсіпкердің қорғаушысы:
Алмас Әбдіғаппаровты екі айға қамауға алу туралы соттың қаулысы заңға қайшы. Себебі, сотқа түскен материалдар жеткіліксіз. Айғақ құжаттар мен ешбір дәлел жоқ. Біз сот отырысын заң аясында әрі әділ өтеді деген үміттемз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу