Батыс Қазақстанда тұрғындар COVID-19-дың алдын алу үшін тыныс алу жаттығуын жасады. Әсіресе, қариялар белсенді қатысып, бой жазып, дене шынықтырды. Елішілік AulaFit жобасы бұқаралық спортты дамытуға арналған. Енді күнде түске дейін және кешкісін екі сағаттан қаланың 9 алаңында тұрақты өтіп тұрады. Мамандар қатысушыларды тегін жаттықтырады. Жаттығу негізінен өкпенің жұмысын жақсарутуға арналған.
Гүлзария Меңдібаева, зейнеткер:
Ашық аулада салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шараға қатысып тұрмын. Денсаулығымызды нығайтып, аурумен күресуге осы шараның маңызы зор деп ойлаймын. Үйде отырып қалмай, зейнеткер болсақ та, осындай шараларға қатысқанды жақсы көреміз.
Ардақ Мұратқызы